Д. Тастекей: Ұлттық ойындарымыз ұлықталады
«Дүниежүзілік көшпенділер ойыны еліміз үшін үлкен имидждік жоба болмақ. Бұл ойын түркі жұртын одан әрі біріктіреді». ҚР Тоғызқұмалақ федерациясы қамқоршылар кеңесінің мүшесі Дулат Тастекей Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікірін білдірді.
- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары елімізде өткен қысқы Азия ойындары мен Универсиада ойындарымен бір қатарда тұратын айтулы шара. Қазақстанда өткізілуі ұлттық ойындарымызға жаңа леп әкеліп, ұлықталатынына қуаныштымын. Бұл ойындардан соң, бабадан қалған ұлттық спортымыз жаңғырып, дамитынына сенімдімін. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны еліміз үшін үлкен имидждік жоба болмақ. Бұл ойын түбі түркі жұртын одан әрі біріктіреді»,- деді меценат Д. Тастекей.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Сайыстың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіТүркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өттіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыТоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр