Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Абай облысының оқушылары «EL UMITI» премиясында білім грантын жеңіп алды

3-09-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

29 тамыз күні ҚР Ұлттық музейінде «El Umiti» премиясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттер мен оқушылар өздері бірнеше ай бойы әзірлеген әлеуметтік жобаларын таныстырды. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін білім гранттары табысталды.

Қатысушылар екі кезеңнен қатаң іріктеуден өтті. Алғашқы кезеңде олар 7 түрлі бағыт бойынша оқу курстарына қатысып, жарыстарда бақ сынады. Ал соңғы кезеңде өздерінің әлеуметтік жобаларын қорғады.

Абай облысының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11-сынып оқушылары Ерасыл Жұмабай, Алдияр Дюсенбек және Нұрали Сулейменов ұсынған «BILi’m INNOVATION» жобасы үздік деп танылып, 1-орынды иеленді. Жеңімпаздарға 2 000 000 теңге көлеміндегі білім гранты табысталды. Бұл жоба оқушыларды пәндік олимпиадаларға және ғылыми жобаларға дайындауды көздейді. Жоба сабақтан тыс уақытта тереңірек білім алуға, әрі оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді.

«El Umiti» премиясы – «El Umiti» Корпоративтік қорының бірегей жобасы. Ол әртүрлі салаларда өз-өзін дамытуға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Қазақстан бойынша жобаға 800 бала тіркелген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив