Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Әскери қызметшілердің мерекелік тартуы

8-03-2023, 12:16 Думан Кенжеғазыұлы

Қарулы күштердің әскери қызметшілері елордадағы көрнекті инфрақұрылымдық нысандарды аралап, қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

"Нұрлы жол" теміржол вокзалында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің музыканттары танымал әуендерді орындап, нәзік жандарға көктемнің басталуын бейнелейтін қызғалдақтар тарту етті.

Мерекелік атмосфера "Хан шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында да жалғасты. Онда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Құрметті қарауыл ротасының дефилесі көрермендерді ерекше таң қалдырды.

Жиналғандар музыканттар мен солистерге ерекше қошемет көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив