Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
514.94 583.74 6.13

Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен іздеушілер ынтымағы бірікпек

5-03-2023, 09:02 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен «Әскери-патриоттық және іздестіру қозғалысы қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі күш-жігерді біріктіруге, бірлескен жобаларды іске асыруға, рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұрпақтардың тарихи сабақтастығы идеясын ілгерілетуге бағытталған.

Аталған құжатқа Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов пен «Әскери-патриоттық және іздестіру қозғалысы қауымдастығы» РҚБ төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, запастағы полковник Аманжол Оразбаев қол қойды.

– Меморандумға қол қою ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Күш-жігерді біріктіру жаңа жұмыс түрін енгізуге, маңызды ақпарат алмасуға, тәуелсіз Қазақстанның әскери-тарихи мұрасына деген қызығушылықты және жастардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ететін болады, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов.

Кездесу соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің әншілері концерт қойып, көрермендерге елге деген мақтаныш сезімін ұялатқан керемет көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив