«Табысты Отбасы» жобасының екінші ағымына қатысушылар республикасының төрт облысында сертификаттар алды
15 ақпанда Ақтөбе, Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінің 143 тұрғыны «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы сертификат алды. Қатысушылар мастермайнд, консультацияларды, жеке дамуы бойынша тренингтерді және ең бастысы бес бейінді бағыт бойынша («SMM», «Автоэлектрик», «Бьюти индустрия», «Кондитер ісі», «Тігін ісі») оқытуды қамтитын қарқынды кешенді оқыту айынан сәтті өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдері, қоғам белсенділері, бизнес-тренерлер мен жоба тәлімгерлері қатысты. «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері және жоба авторы Айжани Нұрланова екінші лектің түлектерін онлайн форматта құттықтады.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық желімен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры: «Облыстар мен алыс өңірлердің тұрғындарына медициналық және әлеуметтік жағынан көмек көрсету – біздің Қор жұмысының басты бағыттарының бірі. Бұл жоба қызықты, өйткені ол үйде жұмыс істеуге мұқтаж адамдардың нақты санатын қамтиды. Бір айда қатысушы бейіндік бағыт бойынша да, істі дамыту бойынша да қажетті білім алады, дамуға үлкен ынталандыру алады. Мен сіздердің әрқайсыңыз таңдалған бағытта жұмысты бастап және үлкен жетістіктерге жетесіздер деп үміттенемін және сенемін!».
Бүгін Абай облысы бойынша сертификаттарды 41 қатысушы алды («SMM»-12, «Бьюти индустрия»-16, «Кондитерлік ісі»-7, «Тігін ісі»-5 және «Автоэлектрик»-1).
Ақтөбе облысы бойынша екінші ағымда өңірдің 40 тұрғыны сертификат алды («SMM» - 12, «Бьюти индустрия» - 17, «Тігін ісі» - 5 және «Автоэлектрик» - 6).
Жетісу облысында бүгін 36 қатысушы сертификат алды («SMM»-10, «Бьюти индустрия»-16, «Кондитерлік ісі»-5, «Тігін ісі»-5).
Ұлытау облысында – жобаның екінші ағынының 26 қатысушысы оқудан өтіп, бүгін сертификаттар алды («SMM»-9, «Бьюти индустрия»-11, «Тігін ісі»-6).
Жоба шеңберінде сертификаттарды алғаннан кейін қатысушыларға алдағы күндері 150 АЕК сомасына жабдықтар жиынтығы, сондай-ақ үш ай ішінде істі енгізу және дамыту мәселерінде тәлемгерлердің қолдауы берілітін болады.
Бұл жерде «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасы2022 жылы 1 желтоқсанда Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде, сондай-ақ республикасының Түркістан және Ақтөбе облыстарында басталғанын атап өткен жөн. Жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларың мүшелері, сондай-ақ балаларды жалғыз және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.
Бұл «Табысты Отбасы» жобасына қатысушылардың екінші шығарылымы, онда 186 қатысушы сертификат алды. Бірінші лекте барлық бес облыстар бойынша 114 қатысушы оқудан өтіп, жабдық түрінде гранттар алды. Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауының арқасында іске асырылуда.
Түркістан облысы бойынша екінші лекке қатысушыларға сертификаттарды тапсыру 17 ақпанда Сарыағаш қаласында өтеді.
«Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасында орналастырылады.