Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының оқушылары жаңа білім беру жобасын іске қосты

5-09-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей оқушылары Ерасыл Жұмабай, Нұрали Сүлейменов және Алдияр Дюсенбек «BILi’m INNOVATION» деп аталатын тәлімгерлік жобасын жасап шығарды. Бұл жоба оқушылардың пәндік олимпиадалар мен түрлі ғылыми жобаларға дайындығын тереңдете отырып, оларды сабақтан тыс белсенділікке ынталандырады.  

Жобаны ойлап табудағы оқушылардың басты мақсаты – білім сапасын арттырып, мектепті жылдың үздік 15 мектебінің қатарына қосу, жоғары және кіші сынып оқушылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылында кем дегенде 20 республикалық олимпиада жеңімпазын тәрбиелеу.

Бұл жобаның ерекшелігі – 11-сынып оқушылары 7-9 сынып оқушыларына тәлімгер болып, оларды олимпиадалар мен ғылыми жұмыстарға дайындайды. Тәлімгерлердің өздері – республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары, сондықтан олардың тәжірибесі жас оқушылар үшін үлкен мүмкіндік.

Тәлімгер оқушылардың айтуынша, «BILi’m INNOVATION» жобасы жоғары сынып оқушыларының кіші сынып оқушыларын олимпиадаларға, соның ішінде халықаралық олимпиадаларға дайындауымен ерекшеленеді. Жыл сайын 40 оқушыға теориялық және практикалық сабақтар өткізіп, аптасына 3 рет дайындайды.

Жобаның құрылымы бірнеше кезеңнен тұрады: оқушы өз бағытын анықтап, тәлімгермен бірге жылдық жоспар құрады, кейін тамыз айында өтетін арнайы камп аясында дайындық жүргізіледі. Сонымен қатар оқушы өз бетімен ізденуге, «self-study» әдісін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Бұл жоба тек оқушыларға ғана емес, тәлімгерлерге де пайдалы. Оқушылар пәндік білімдерін тереңдетіп, жаңа қабілеттерін дамыта отырып, уақыттарын тиімді пайдаланады. Ал тәлімгерлер өзге оқушыларды үйрету арқылы өз кәсіби дағдыларын жетілдіреді, коммуникация және аналитикалық ойлау қабілеттерін шыңдайды. Жоба ұраны: «Өзі үйрену – әр адамның ісі, өзгеге үйрету – ер адамның ісі».

Айта кетейік, оқушылар осы жобамен «El Umiti» премиясына қатысып, 2 млн теңге білім грантын ұтып алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив