Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» орталығының отырысы өтті

5-09-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Отырыстың негізгі мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік маңызы бар жобаларын, оның ішінде «Қайырымдылық керуені» халықтық жобасын іске асыру жөніндегі шараларын үйлестіру, қоғам өмірінде белсенді, халыққа жанашыр азаматтар мен кәсіпкерлердің алдағы уақытта бірлесе атқаратын қызметтерін айқындау. 

Жиын барысында «Жомарт жан» орталығының мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, Абай облысының оқу жылының басталуы қарсаңындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында атқарылған жұмыстар талқыланды. 

Отырыс қорытындысына сәйкес «Жомарт жан» орталығының мүшелері айқындалып, қатысушылардың барлық дауысы негізінде орталықтың төрағасы болып ҚР Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жеке кәсіпкер Рамиль Рахимбаев сайланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив