Абай облысы әкімдігінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды
Абай облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары және облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Димитрий Гариковтың төрағалығымен азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиынға Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі департаменті және Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты. Талқылауға қалалық және облыстық шақыру комиссияларының мүшелері бейнебайланыс арқылы қосылды.
Жиында 2024 жылғы көктемгі әскерге шақырудың қорытындылары талқыланып, ұсыныстар айтылды. Жұмыстың мерзімінде әрі сапалы аяқталуына ерекше көңіл бөлінді.
Құрылымдық бөлімшелер мен салалық қызметтерге жоспарды мерзімді орындауға және жұмыс тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, әскерге шақырудың барлық кезеңдерін жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.