Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте жеңілдікпен инвестиция салу үшін агрожобалар пулы талқылады

8-03-2023, 15:20 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңеске Ауқымды жобаға енгізу үшін әкімдіктер іріктеп алған жобалар пулы талқыланды.

Ауқымды жоба – Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру тәжірибесін қайталау, оның негізгі міндеті– елдің ішкі нарығын толықтыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіріп, ауылда жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру. Осы тетіктің арқасында 2 жыл ішінде Солтүстік Қазақстанда 21 сүт тауарлары фермасы салынды. Нәтижесінде бүгінде шамамен 648 мың тонна сүт немесе ел бойынша өндірістің 10,3%-ын СҚО өндіреді. Ауқымды жобаның мақсаты – сүт тауарлары фермалары (400 бастан бастап), көкөніс сақтау қоймасы (1 000 тоннадан бастап), құс етін өндіретін фабрикалар (жылына 5 000 тоннадан бастап), сондай-ақ балық өсіру жобалары.

Кеңесте ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов атап өткендей, 28 ақпандағы Республикалық бюджет комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша осы бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңгеге бюджет несиесін бөлу мақұлданды. Бағдарламаны іске асыруды нормативтік тұрғыда қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі несие беру тәртібі мен шарттарын бекіту үшін бұйрық жобасын әзірледі. Бұл сенімгер (агент) арқылы 10 жылға дейін 2,5%-бен несие алу, ең жоғары сома – 5 млрд теңгеге дейін және негізгі қарыз бойынша жеңілдік кезеңі – 24 ай.

«Жиырма өңірдің әкімдіктері жалпы сомасы 415,7 млрд теңгеге жобалар ұсынды, алайда бюджетпен 100 млрд теңге бөлу мақұлданды. Осыған орай, биыл бөлінген қаражатты өнеркәсіп сүт тауарлары фермаларын салуға бағыттауды қарастыруды ұсынамыз. Одан кейінгі жылдары кезең-кезеңмен басқа мәселелер де шешілмек», — деді Рүстем Құрманов. 

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, іске асыруға неғұрлым дайын және белгілі бір инфрақұрылымы бар жобалар пулын іріктеу үшін оларды қайта қарауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив