«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау көрсетті
Гарнизондық офицерлер үйінде өткен қайырымдылық шарада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев сөз алып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
- Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Балалардың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да биылғы оқу жылында бұл шараға өзіндік үлес қосты, - деді полковник Дархан Ажибаев.
Қайырымдылық акциясы аясында 1 сынып табалдырығын аттағалы тұрған балалар өздерінің өлеңдерін оқып, алғыстарын жеткізді. Айта кетейік, биыл Абай гарнизоны бойынша көп балалы отбасылардан шыққан 417 бастауыш сынып оқушысына көмек көрсетілді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыБалаларды қорғау күні: Президенттің өмірді жақсарту бағытындағы тапсырмасы қалай орындалып жатырҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек