Абай облысының қолөнершілері «Көшпенділер әлемі» қазақ ауылына жетті
Қолөнер – халқымыздың терең тамыры бар мәдени мұрасы, ұлттың рухани байлығының бір көрінісі. Абай облысының дарынды қолөнершілері «Көшпенділер әлемі» қазақ ауылына келіп жетті. Енді олар ата-бабаларымыздан мирас болып қалған дәстүрлерді жалғастырып, заманауи үлгілермен үйлескен ерекше өнімдерін көпшілікке ұсынбақ.
Қолөнершілердің шеберханасы түрлі сәндік бұйымдардан бастап, құрпақ көрпе, ұлттық киімдер мен зергерлік әшекейлерге дейінгі бай мәдениетіміздің нақыштарымен таныстырады. Әрбір туынды қол еңбегімен, жүрек жылуымен жасалған, қазақ қолөнерінің биік өнер екенін дәлелдейді.
Бұл шара – келушілерге ұлттық өнер мен дәстүрлеріміздің тұнығына бойлап, қазақ халқының өмір салтын, шеберлігін, құндылықтарын жақыннан тануға зор мүмкіндік. Әр бұйымның артында сан ғасырлық тарих пен мәдениет жатыр. Қолөнер көрмесі барысында қолөнершілерден өнім жасау процесін үйренуге және өзіңізге ерекше қолөнер бұйымын сатып алуға да болады.
Баршаңызды «Көшпенділер әлемі» қазақ ауылына келіп, Абай облысы шеберлерінің өнерімен танысуға шақырамыз. Келіңіздер, қолөнершілердің бай мұрасын бірге тамашалайық!