Нұртөре Жүсіп Қазақстандағы АҚШ Елшісімен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Америка қатынастары мен саяси, сауда-экономикалық, мәдени, энергетикалық және инвестициялық салалардағы әріптестікті дамыту келешегін талқылады. Қауіпсіздік пен терроризмге қарсы қол қойылған көптеген құжаттармен бекітілген ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өзара көп қырлы іс-қимыл мен жоғары деңгейдегі келіссөздер аясындағы стратегиялық әріптестіктің кеңеюі атап өтілді.
Сенатор парламентаралық диалогты тұрақты дамыту – елдер арасындағы саяси өзара іс-қимылда шешуші рөл атқаратыны және мемлекеттер арасындағы сенімді қатынастарды нығайтуда негіз болатын әріптестіктің маңызды бағыты екенін атап өтті.
«Америка Құрама Штаттары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, көліктік-логистикалық және энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен диалог алаңдары аясындағы өзара іс-қимыл сияқты стратегиялық маңызды салаларда Қазақстанның негізгі әріптесінің бірі болып отыр. Біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Қазақстан-Америка ынтымақтастығы тұрақты оң динамиканы көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда мемлекетаралық және аймақтық бірқатар келісімге қол қойылды, олар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі болды. Инвестициялар, сауда, ғылым, цифрландыру және мәдени-гуманитарлық жобалар саласында әріптестік қатынастар белсенді дамып келеді. Бүгінгі кездесу елдеріміз арасындағы өзара түсіністікті нығайту және саяси байланыстарды дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады», - деді Нұртөре Жүсіп.
Даниэль Розенблюм өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Ол сондай-ақ ресми Вашингтонның екіжақты қатынастардың барлық аспектілерінде біздің елдеріміз арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту және дамыту міндеттемесін атап өтті.
Тараптар сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясын зерделеу және енгізу саласындағы мәселелерді талқылады. Әңгіме барысында осы салада тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллекті дамытуға ерекше назар аударып отыр. Оның сөйлеген сөздері мен Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселе туралы жан-жақты айтылды,онда «Электрондық үкімет» платформасына ЖИ технологиясын енгізу қажеттігі нақты атап өтілді. Президент Қазақстан жасанды интеллектікеңінен қолданатын және цифрлық технология дамитын ел болуытиіс екенін айтты. Ол Үкімет үшін басым міндет екенін және оны жүзеге асыруға Парламент депутаттары қосылуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып және шетелдік әріптестеріміздің, соның ішінде ЖИ дамуында көшбасшы болып табылатын АҚШ-тың оң тәжірибесіне сүйене отырып, біз депутаттық корпус ретінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтере аламыз деп санаймыз. Атап айтқанда, біз америкалық әріптестерімізді Қазақстанға шақыру немесе біздің мамандар мен депутаттарды АҚШ-қа жіберу арқылы тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды ұсынамыз», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.