Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Қазақстандық су саласы мамандарының төртінші легі Қытайға оқуға аттанды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандық су саласының төртінші тобы Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтуді бастады. Осылайша биыл Қытайда оқудан өткен мамандардың жалпы саны 125 адам болды.

Курстар қабылдаушы тараптың есебінен ұйымдастырылып, оқыту процестері Power China компаниясының кәсіпорындарында жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен бұл бағдарламаны келесі жылы да жалғастыруға келісім жасағанын еске сала кетейік. 2026 жылы Қытайда 200 қазақстандық маман білімін жетілдіреді деп күтіліп отыр.

«Қытай Халық Республикасымен бірлескен бұл бағдарлама – Мемлекет басшысының отандық су шаруашылығы саласының кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар біз өзге елдерде де осындай оқыту бағдарламаларын іске қосу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл – біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі, сондықтан шетелдік делегациялармен әрбір кездесуде осы мәселені көтереміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив