Құрылтай Төрағасы депутаттар мен аппарат қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады
Бюро отырысында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай депутаттар мен Аппарат қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Құрылтай депутаты Айжан Сқақова және Құрылтай Аппаратының бөлім меңгерушісі Азалия Мейірманова «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.
Құрылтай Спикері Республика күнінің Қазақстан үшін айрықша маңызына тоқталып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы еліміздің Тәуелсіздігіне тарихи жол ашқанын айтты.
– Бүгінгі таңда Республика күні қазақстандықтарды Тәуелсіздік, бірлік және ел болашағы жолындағы жауапкершілік сынды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді. Осы құндылықтарды сақтау және мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Айбек Дәдебай.
Тағыда оқыңыз
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі



