Қазақстан мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. Қуантыров Өзбекстан Республикасының Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары И. Кутбиддиновпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде бірлескен бастамаларды одан әрі пысықтау және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.
«Таза ауа» консорциумын құру бастамасына ерекше назар аударылды. Тараптар екі елдің ұсыныстарын ескере отырып, аталған бастаманы одан әрі жетілдіру жолдарын қарастырды.
Кездесу соңында тараптар БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-ші конференциясының (COP31) жұмысына белсенді қатысуға дайын екендерін растады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.



