Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

«Мәтібұлақ» полигонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті

15-09-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Гвардейск гарнизонындағы «Мәтібұлақ» оқу полигонында Т-72 танкі қаруынан жоспарлы штаттық атыстар өтті. Оған 1-ші және 3-ші танк батальондарының әскери қызметшілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру, штаттық қарудан оқ атудағы практикалық дағдыларды пысықтау, сондай-ақ ұрыс жағдайына жақын ортада экипаждардың үйлесімділігін дамыту болды.

Атысқа дайындық барысында әскери қызметшілер қару-жарақтың материалдық бөлігін зерделеп, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар алды. Атыс даярлығы нормативтерін орындады.

Сабақтар барысында экипаждар түрлі қашықтықтардан қозғалыс кезінде нысаналарды жою жаттығуларын орындап, танктерді оқ-дәрілермен жасақтады және қаруды ұрыс жағдайына келтірді.

– Штаттық атыстар – танк бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығының негізгі элементі. Полигонда бәрі көз алдыңда өтеді. Техниканы меңгеру шеберлігі, дәлдік, төзімділік пен батылдық. Әрбір оқ – экипаждың жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығының дәлелі, – деп атап өтті танк бригадасының командирі подполковник Асхат Шайкенов.

Атыс қорытындысы бойынша барлық экипаждар оқу нормативтерін сәтті орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 1-ші танк батальонының жауынгері лейтенант Ернұр Қаналбай басқаратын 3-ші танк ротасы ең үздік деп танылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив