Аягөзде штаттық снарядтан оқ ату орындалды
Аягөз гарнизонында орналасқан танк құрамасының жеке құрамы «Майлин» оқу-жаттығу полигонында Т-72 ұрыс машинасынан штаттық снарядтан оқ атуды орындады.
Экипаждар бірінші бақылау атыстарының жаттығуын орындап, 1600-1800 метр қашықтықта орналасқан шартты нысанаға оқ атуды жүргізді. Жаттығу барысында әскери қызметшілердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары тексеріліп, танк бөлімшелері оқ-дәрі жиынтығын танкке салу мен қару-жарағын жауынгерлік жағдайға келтіру бойынша практикалық нормативтерді орындады. Сондай-ақ, Т-72 танктері экипаждарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне және кәсіби дағдыларына ерекше назар аударылды.
Жоспарлы ату сабағының басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын дамыту, олардың штаттық қару-жарақтан ату шеберліктерін жетілдіру және танк командирлерінің басқаруды дұрыс ұйымдастыруы болды.
Атыс қорытындысы бойынша экипаждар барлық тиісті нормативтерді сапалы және тез орындап, барлық мақсаттарға қол жеткізді.
Мұндай штаттық жаттығулар әскери қызметшілердің жеке құрамына танктің жойқын күшін сезінуге, жауынгерлік машиналарды іс-қимылда еркін басқарып көруге және өзінің жауынгерлік даярлығын жақсартуға бағытталған.