Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
452.92 484.99 5.12

Қарулы күштерде взводтарды үйлестіру шарықтау шегіне жетті

25-02-2023, 10:44 Думан Кенжеғазыұлы

Взводтар құрамындағы бөлімшелерді үйлестіру және тактикалық тапсырмаларды орындау барынша жауынгерлік іс-қимылға келтірілген жағдайда өтуде.

Бұл ретте уақыттың көп бөлігі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды ширақ орындауға бөлінеді. Тактикалық, тактикалық-арнайы және атыс дайындығы, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша нормативтер пысықталуда.

Әскери қызметшілерге марш жасау, тірек пункттерін жабдықтау, жауынгерлік тәртіппен сапқа тұру, ұрыста қорғану және шабуыл жасау сынды келісілген іс-қимылдар үйретіледі. Взводтарды үйлестіру жауынгерлік атыстармен немесе бақылау сабақтарымен аяқталады. Взводтардың жауынгерлік атыстары взводтың ұрыста, тосқауыл бекетінде, күндіз де, түнде де іс-қимыл жасауын көздейтін тактикалық даярлық тақырыптарының бірі бойынша жүргізіледі.

Жамбыл облысының «Айша бибі» полигонындағы взводтарды жауынгерлік үйлестіру аясында минаатқыш есептоптарының құрамында артиллеристер атыс тапсырмаларын сәтті орындап, арнайы нормативтерді пысықтады.

– Далалық жорықтар – артиллеристердің жауынгерлік даярлығының ажырамас бөлігі. Осындай жаттығулар тәжірибеде пысықталғанды нақтылауға мүмкіндік береді. Қыс – сабақтар өткізуге аса қолайлы кезең емес, десе де минаатқыштар іс-қимылдарын шыңдап, қажетті машықты меңгеріп шығады, – деп атап өтті «Оңтүстік» ӨңҚ 5-ші механикаландырылған құрама артиллерия штабының бастығы майор Феликс Ушаков.

«Жетісу» оқу-жаттығу полигонында десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері атыс дайындығы барысында оқ атуды басқару дағдыларын пысықтап, қозғалыстағы жауынгерлік машиналардан атысты орындады. Одан өзге бейтаныс жерлерде ұрыс жүргізу тактикасына да ерекше назар аударылды.

Аягөз гарнизонындағы «Майлин» полигонында да взводтардың жауынгерлік атыстары өтуде. Танк бригадасының әскери қызметшілері штаттық қару-жарақтан ату машығын меңгеру үстінде. Бұл жерде бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу арқылы взводтарды басқару дағдыларын шыңдайды.

Жауынгерлік даярлықтың осы кезеңінде бөлімшенің тактикалық қимылы, сондай-ақ взводтардың атыспен тойтарыс беру нәтижелері бағаланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив