Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

«Күз-2024» әскерге шақыру науқаны аясында әскери қызметке аттанушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

9-09-2024, 09:21 018.kz

Абай облысы, Семей қаласындағы облыстық жиын пунктінде «Күз-2024» әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстан Республикасының Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке аттанушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Бұл мерекелік күні жас сарбаздар елдің шекарасын қорғаушылар қатарын толықтыруға дайын екендіктерін паш етті.

«Күз-2024» әскерге шақыру науқанында 18-ден астам жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Оларды шығарып салуға келген ата-аналардың жүздерінде мақтаныш пен толғаныс байқалды. Ата-аналар балаларының шекарашылар қатарына қосылып, нағыз ер азамат болып қалыптасуларына тілек білдірді. Бұл рәсім жас сарбаздардың отансүйгіштік рухын күшейтіп, олардың өз борышын терең сезінуіне септігін тигізді.

Іс-шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Айдын Амангелдіұлы жас сарбаздарға алдағы қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ел шекарасын қорғаудағы жауапкершілік пен патриоттық сезімнің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Семей шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар бөлімінің бастығының орынбасары, подполковник Нұғрыбеков Азамат ата-аналарға шекарашы болу абыройлы іс екенін, бұл қызметтің ел үшін ерекше маңызға ие екенін еске салды. Ол ата-аналардың жас сарбаздарға қолдау көрсетіп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуіне үлес қосып отырғанын атап өтті.

«Шекара қызметі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ететін маңызды әскери құрылым. Шекарашылар елдің тұтастығын сақтап, терроризм мен трансұлттық қылмыстың алдын алуға жауап береді», – деді ол.

Салтанатты шығарып салу рәсімі Қорғаныс министрлігінің оркестрінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жас сарбаздарға есте қалатын әсем әуендермен қоштасып, мерекелік көңіл күйде аттануға мүмкіндік берілді.

Бұл шығарып салу рәсімі – мерекелік шара ғана емес, сондай-ақ жас сарбаздардың Отан алдындағы борышын өтеуге толық дайын екендіктерін дәлелдейтін маңызды оқиға.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив