Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ассамблея өкілдері Президент Жолдауына қолдау білдірді

9-09-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚХА қоғамдық институттары мен ЭМБ мүшелері облыстық Достық үйінде Мемлекет басшысының жолдауын талқылады.

Облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық институттары мен Этномәдени бірлестіктерінің мүшелері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесуі өтті.

Басқосу барысында ЭМБ мүшелері Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісе отыра, қоғамдағы толеранттылықты нығайту, әртүрлі арандатушылық әрекеттерге жол бермеу, азаматтардың құқықтық теңдігін қорғау туралы мәселелерді талқылады. 

Жолдауды талқылау барысында бірнеше тақырыптар қамтылып, Қазақстанда АЭС салудың тиімділігі туралы сөз қозғалды. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, Жолдауды жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив