Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Аймақтағы іргелі оқу орнына – 90 жыл

10-09-2024, 09:00 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім  университеті білім, ғылым мен инновацияны біріктіретін классикалық көпсалалы университет бола отырып, өз студенттеріне білім беру бағдарламаларының үлкен таңдауын ұсынып, білім беру бакалавриат, магистратура және докторантура сатыларында жүзеге асырылуда.  Бүгінгі таңда оқу орнымыз инновациялар мен озық технологиялардың дамыған орталығына айналуды мақсат тұтады. Аймақтық жоғары оқу орнының өсіп-өркендеуі сол аймақтың экономикалық-әлеуметтік, рухани дамуымен тікелей байланысты.

Шәкәрім  университетінің 90 жылдық тарихы болса, соның ішінде экономика, бухгалтерлік есеп бағытында мамандарды даярлау 40 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.Бүгінде табысты экономистер мен қаржыгерлердің, менеджерлер мен бизнесмендердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған рухани білім ошағы болып отыр. Шәкірттеріміз бен дарынды тұлғаларымыз еліміздің әр түрлі салаларында қызмет атқарып, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосуда.Осы уақыт аралығында мамандар даярлаудаөзіндік дәстүр қалыптастырып, еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары қатарынан лайықты орынға ие болды. Киелі білім ордасынан небір айтулы азаматтар қанаттанды. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде, Ұлттық статистика бюросында, аудиторлық компанияларда және халық шаруашылығының барлық салаларында түлектеріміз елімізді өркендету жолында қызмет атқаруда.

Көрнекті ғалымдар мен ғылымды ұйымдастырушылар, жастарға жол көрсетуші танымал педагогтардың жетекшілігінің арқасында ғылыми мектептердің үлгісі уақыт талабына қарай дамып келеді. Аймақта білім мен ғылымның бірден-бір алып ордасы болып саналатын жоғары оқу орнының ұйымшыл ұжымы еліміздің ғылыми жетістіктерін лайықты деңгейде жұртшылыққа кеңінен тарату, ғылым және білім саласында өндірістік-шаруашылық қызмет көрсетуді абыроймен атқаруда. Мерейлі мереке қарсаңында білім ордасының қалыптасуы мен дамуына ерекше еңбек сіңірген, ел экономикасы үшін білімді де білікті мамандар даярлаған профессор – оқытушылар құрамының еңбегі де ерекше.

Искакова М.С.

Шәкәрім университеті

 Бизнес жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив