Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.37 532.94 5.09

Абай облысындағы электр желілері өңдеуден өтуде

10-09-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Біріккен энергосервистік компаниясы»АҚ-ның орталығында баспасөз туры өтті. Баспасөздің негізгі мақсаты: нысаналарды реконструкциялауға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған инвестициялық бағдарламаның орындалуының, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және тарифтерден алынатын қаражатты мақсатты пайдалану туралы тұтынушыларды хабардар ету.

Көшпелі баспасөзге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Мейр Мадиев, «БЭСК» АҚ-ның  Даму бойынша басқарушы директоры Ерасыл Мұқатаев және жергілікті атқарушы органдармен БАҚ өкілдері қатысты.

Биыл өңірдегі электр желілерін тарту, әуе және жергілікті кабельдерді ауыстыру, қосалқы станцияларды қайта құру мен жаңғырту бойынша 2024 жылғы инвестициялық бағдарлама 15 148 794 мың теңге сомасында бекітілген. Қазір бағдарлама шеңберінде шарт жасалып жұмыстар атқарылуда. 

- Бізде барлық жұмыс кестеге сай атқарылуда. Керек жабдықтың барлығы толығымен сатып алынды. Алғашқы жұмыс трансформаторлық станцияны толық қосалқы трансформаторлық станцияға ауыстырудан басталды. Бұл станциялардың жұмыс істеп тұрғанына 50 жылдан астам уақыт болған. Қазір қайта құру мен жаңғыртудың нәтижесінде электр қуатты артты,- деді «БЭСК» АҚ-ның  Даму бойынша басқарушы директоры Ерасыл Мұқатаев.

Электр желілерін жаңғырту және реконструкциялау жұмыстары бойынша 500 мыңнан астам қаражатқа 7 бірлік көлемінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген. Сондай – ақ, « ПСД жаңғырту және реконструкциялау» бабы шеңберінде жалпы ұзындығы 104,678 шақырымды құрайтын 28 объекті жөндеу көзделген.

- Бүгінгі баспасөздің негізгі мақсаты жаңадан салынып жатқан электр станцияларын көрсету және қайтадан жөндеуге берілген жерлермен таныстыру. Көрсетіп жатқан негізгі нысандарымыз « Водный» қосалқы станциясы мен « Шығыс кенті» саяжайындағы 203-ші трансформаторлық қосалқы станциясы. Мұнда станция 1998 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқандықтан ескірген. Сондықтан толық өңдеуден өтті. Ал, « Водный» қосалқы станциясында ағаш тіректерді темірбетон тіректерге ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталды, - деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Әлі Әбутәліпов.

2024 жылы инвестициялық қарыз бойынша негізгі борышты қайтарудың жалпы сомасы – 2 986 925 мың теңгені көрсетсе, игеру сомасы – 1 493 463 мың теңгені құраған. Баспасөз туры аясында электр желілеріне қатысты жоғары вольтты жабдықты сатып алу, жеткізу және монтаждау әлі де іске асырылатыны айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив