Абай облысында MICS халықаралық зерттеуі басталды
2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды, ол еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтымақ. Бұл туралы «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары Данияр Бейсембаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
MICS халықаралық зерттеуі Қазақстанда төртінші рет жүргізілуде. Бірінші зерттеу 2006 жылы өтті, одан кейін 2010 және 2015 жылдар жалғасты. Биыл Қазақстанның 20 өңірін қамтиды айының соңына дейін жалғасады. Еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізілетін болады. Халықаралық әдіснамаға сәйкес, Абай облысында 68 кластерді таңдалды – бұл таңдалған елдімекендердегі 68 учаскісі Семей қаласында және орталық аудандарда. Ол 1632 үй шаруашылығын құрайды.
MICS 2024 Қазақстандағы өмір сүру жағдайларын жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ. Алынған деректер мемлекетке балалар мен әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған тиімді бағдарламаларды әзірлеуге көмектеседі.