Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қарулы күштерде жергілікті әскери басқару органдарының күні атап өтілуде

12-09-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл күн Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 12 қыркүйекте күшіне енген ҚазКСР әскери комиссариатына республикалық орган мәртебесін беру және оған облыстық әскери комиссариаттардың бағынуы туралы Жарлығымен байланысты.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне, басқармалар мен бөлімдеріне ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдыру дайындығын қолдау және оларды барлық деңгейдегі әскери қызметшілермен жасақтау міндеті жүктелген. 

Жергілікті әскери басқару органдары қорғаныс ведомствосының «қоғамдық қабылдау бөлмесі» деп аталады. Олар жұмылдыру ресурстарын есепке алады және дайындайды, азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісімшарт бойынша шақыруды ұйымдастырып,  жүргізеді, жастарды әскери қызметке әзірлейді. 

Жергілікті атқарушы органдармен және республикалық қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста әскери басқару органдарының офицерлері өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді, әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен айналысады.  

Бүгінде ЖӘБО қызметін жетілдіру және цифрлық технологияларды енгізу бойынша дәйекті жұмыс жүргізіліп жатыр. «Цифрлық Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды электронды есепке алу карталарын жүргізу, азаматтарды тұрғылықты жерін ауыстырған кезде олардың жеке келуінсіз ЖӘБО-ға бекіту сияқты процестер оңтайландырылды. Бұдан басқа, әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тіркеу туралы куәліктер мен бейбіт уақытта әскери билеттер беру тоқтатылды. 

Қорғаныс істері жөніндегі органдардың жұмысын цифрландыру төрт мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Автоматты түрде мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату беріледі, 17 жастағы жігіттерді тіркеу жүзеге асырылады. 

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы деректер eGov және мGov порталдарындағы «Жеке кабинетте» көрсетіледі және заңды тұлғаларға онлайн-режимде беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив