Абай облысындағы халықтық штаб мүшелерінің кездесуі өтті
12 қыркүйек Абай облыстық халықтық штабы мүшелері Шәкәрім университетінің ұжымымен кездесті.
6 қазан күні елімізде АЭС салу бойынша референдум өтетіні баршамызға мәлім. Бүгінгі жиында референдумға дайындық барысы туралы және үгіт жүргізу ережелері мен жалпы құрылыстың маңыздылығы талқыланды.
Кездесуге халықтық штаб мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және студенттер қатысты.
Халықтық штаб құрамында облыстық мәслихат төрағасы Қ. Сүлейменов, Шәкәрім университетінің ректоры Д. Орынбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Алин, ардагердер кеңесінің мүшесі З. Тоқаев, сондай-ақ, «Қазақстан халық партиясының», «Ақжол», «Байтақ»,«Ауыл» және «Республика» партияларының облыстық филлиалдарының төрағалары бар.
Талқылау барысында Шәкәрім университетінің ұжымы АЭС құрылысын қолдайтындарын және қажет мамандарды даярлауға дайын екендерін білдірді.