Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Сенатта қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасы қаралды

9-03-2023, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге қатысты заң жобасын талқылады.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сотталғандардың денсаулығын қорғау құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейтуге, сотталған әйелдердің жас балалармен әлеуметтік байланыстарын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ түзеу мекемелерінде жазаны өтеу тәртібінің түрлерін саралау мен ондағы қылмыстық жазасын өтейтін адамдарды айқындау да қамтылған.

Құжатта сотталған адамның ауыр сырқаты болған кезде жазаны өтеуді кейінге қалдыру, сондай-ақ ауыр сырқаттануына байланысты сотталғандарды босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сот қаулыларын дереу орындау ұсынылып отыр. Заң жобасында сонымен қатар жазасын бұрыннан өтеп келе жатқан сотталғандарды бірінші рет сотталғандардан бөлек ұстау ережелер туралы жазылған. Сондай-ақ басқа да бірқатар жаңалықтар бар.

Заң жобасын комитеттің кеңейтілген отырысында қарау нәтижесі бойынша оны Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Суретті түсірген Б.Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив