Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Бесқарағай ауданында шаруа қожалық өкілдерімен кездесу өтті

16-09-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Бесқарғай ауданы әкімінің орынбасары Алмас Тәнібекұлы және  «AMANAT» партиясы Бесқарағай  аудандық филиалының жанынан құрылған Халықтық штаб төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Мейрамгуль Абылгазинова аудандық Мәдениет үйінде шаруа қожалық өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты  Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыстың нақты  бағыттарына, ондағы туындайтын мақсаттар мен міндеттерге тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдаудында айтылған Атом электр стансасын салу мәселесіне кеңінен тоқталды. Спикерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының қойылған сұрақтарына жауап беріп, алдағы болатын референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болатындығын айта келе, үстіміздегі жылдың 6 - қазан күні өтетін референдумға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив