Семей қаласындағы ҚТЖ қызметкерлерімен кездесу өтті
Кездесуге «Семей қаласының қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының аға оқытушысы Михаил Вячеславович және Семей қаласының ардагері Аманбай Алдияров қатысты.
Теміржолшылармен кездесуде спикерлер энергетикалық қауіпсіздікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысына қатысты ойларын ортаға салды.
Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы талқыланып, реформалар мен даму мәселелері талқыланды. Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, 100 –ден аса темір жол қызметкерлерін қамтыды.
Теміржолшылар қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар алып, өз пікірлерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар атом энергетикасының экологиялық артықшылықтарына, атом өнеркәсібі мен ғылым үшін кадрлар даярлау мәселелеріне, жоспарлау мен құрылыстың барлық кезеңдерінде әлемдік озық тәжірибе мен технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.