Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Азаматтардың 99%-ы декларацияларды электронды түрде ұсынған

17-09-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандағы жалпыға бірдей декларациялау: кімдер декларация тапсыруы керек, қандай мүліктер мен табыстар көрсетіледі, салық есебін тапсыру шарттары мен ерекшеліктері туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы бойынша кірістер департаменті Жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Айнаш Мусаинова баяндады. 

- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілген болатын. Оның негізгі міндеті әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру және сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. Сондай-ақ декларациялаудың бірнеше кезеңдері бар. Жалпы республика бойынша шамамен 13 млн. адам қатысу тиіс, оның 400 мыңнан астамы біздің облыстың тұрғындары, - деп атап өтті бөлім басшысы.

 Жалпыға бірдеу декларациялау жүйесінің бірінші кезеңі бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын тапсырса, екінші кезең бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті. Сонымен қатар, үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. Ал, Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары табыстайтын болады.

- Декларациялау жүйесі  барлық азаматтардың  «кіру» декларациясын табыс етуінен тұрады. Сондай-ақ, Қазақстандағы және шетелдегі активтер туралы мәліметтер толыққанды болуы тиіс. Себебі, декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады. Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау қажет, - деді спикер.

Айта өтсек, халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер cabinet.salyk.kz), веб-портал (Moldir.qoldau.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «Е-Salyq Azamat», Halyk, bcc.kz (Центркредитбанк), Kaspi, eGov mobile мобильді қосымшалары іске асырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив