Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Бесқарағай ауданының түрғындары АЭС құрылысын бірауыздан қолдауда

Кеше, 16:17 018.kz

Бүгін, Бесқарағай ауданының Мәдениет үйінде «Байкал-1» ЗРК-нің қызметкерлерінің және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында аудан тұрғындары АЭС салудағы технологияның қауіпсіздігі, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

«Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиісті», – деді өз сөзінде аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Руфия Кисамиева.

Кездесу қорытындысы бойынша спикерлер АЭС құрылысының маңыздылығын атап өтіп, оның елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, оның ішінде энергетикалық кешенді ұлғайту, адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін маңыздылығын атап өтті. 

Кездесу барысында жастар да қалыс қалмады. Олар энергия тарифтері мен шикізат мәселелері туралы өз ойларын ортаға салды.

«Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, себебі отынның бағасы тұрақты, энергия сыйымдылығы жоғары және стансаның қызмет ету мерзімі 60 жылға созылады, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Қазақстан табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында. Барлық әлемдік қорлардың 14%-ға жуығы Қазақстанның терең қойнауында орналасқан, оның 70%-ы экологиялық таза жерасты сілтілеу әдісі арқылы өндіріледі. Бүгінде Қазақстан әлемдегі уран өндірісінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етіп, уран өндіруде бірінші орында тұр», – деді өз сөзінде «Мейірімді жүрек» волонтерлер тобының мүшесі Тілек Құрметұлы.

Бесқарағайлықтардың пікірінше ауқымды жоба АЭС салу арқылы өз энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және шетелдік энергияға тәуелділікті азайтуға үлкен мүмкіндік алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив