Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан климаттың өзгеруі саласындағы жаһандық саясатты қолдайды

9-03-2023, 18:25 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен ханым екіжақты кездесу барысында климат клубының мәселелерін және Қазақстанның осы бастамаға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Париж келісімі халықаралық климат саясатындағы бетбұрыс болды. Біздің республика ТМД елдері арасында бірінші болып осы Келісімді ратификациялады.

Осылайша, қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан осы келісімді толық көлемде іске асыруды қамтамасыз ететін болады және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқарту қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниеті туралы мәлімдеді. Қазақстан экономикасы энергияны көп қажет ететінін ескерсек, бұл біздің еліміз үшін маңызды қадам.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы әзірленді және бекітілді, ол елдің төмен көміртекті дамуға көшуден экономикалық және әлеуметтік артықшылықтарын көрсетуге бағытталған.

«2021 жылы біз жаңа экологиялық кодексті қабылдадық. Заң шеңберіндегі маңызды нормалардың бірі қол жетімді ең жақсы технологияларды және климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған тарауды енгізу болды. Бұл новеллалар заманауи талаптарға жауап береді және көміртегі шығарындыларының деңгейін төмендетуге және климаттың өзгеруіне осал экономика секторларын бейімдеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті кездесу барысында министр.

«Таза нөлдік шығарындылардың жалпы жаһандық мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан Климаттық клубқа қосылу жөніндегі бастаманы қарастыруда», - деп қосты ол Моника Иверсен ханымға сөйлеген сөзінде.

Қорытындыда Қазақстанның климаттың өзгеруі саласындағы жаһандық саясатты жүзеге асыруды тұрақты қолдауы туралы айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив