Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Аймақ басшысы халықаралық чемпионаттың жүлдегерлерімен кездесті

20-09-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен студенттермен кездесті. Аймақ басшысы дүние жүзілік білім сайысында облыс намысын абыроймен қорғаған студенттер мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, ақшалай сертификаттар табыс етті.

«Біз Сіздермен мақтанамыз. Қай кезде де қолдау білдіруге дайынбыз. Облыста оқушылардың лайықты білім алуы үшін бар жағдай жасалуда. Семейде Оқушылар сарайы салынып жатыр. ІТ бағыттағы жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Мұның барлығы Сіздер үшін. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер» деді облыс әкімі.


Францияның Лион қаласында өткен «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына әлемнің 70 елінен қатысушылар жиналды. Қазақстандық команда 30 түрлі құзырет бойынша сынға түсіп, Абай облысының студенттері жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Абай облысындағы IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің студенттері Тимур Бабенко мен Эльнар Жуасбаев «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша «Үздік медальон» иеленді. Команданың жетекшісі – халықаралық сарапшы Күлпан Түсіпбаева.

Сонымен қатар, Бизнес және қызмет көрсету жоғары колледжінің мұғалімі әрі халықаралық сарапшы Айгүл Рсалиева алматылық студентті «Мейрамхана сервисі» құзыреті бойынша дайындап, ол «Үздік медальон» иегері атанды.

Аталған жарысқа Абай облысынан 4 құзырет бойынша бес студент қатысты. Жалпы есепте Қазақстан 7 құзырет бойынша «Үздік медальон» жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив