Арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтуде
Абай облысының аумақтық қорғаныс күштерінің бригадасында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Оқу-жаттығуларына осы бригадаға тіркелген әскери міндеттілер шақырылды.
Абай облысының әкімдігімен ұйымдастырылған жиынға облысқа қарасты қала, аудандардан келген жүзден аса запастағы офицер, сержант, қатардағы жауынгерлер он күн бойы дайындық деңгейлерін пысықтайды. Атап өтерлік жайт, оқу-жаттығуға әскер қатарында болмаған азаматтарда қатысып, әскери тәртіптің қыр-сырына қанығуда. Олар оқу-жаттығудың ашылу салтанатында Әскери ант қабылдады.
16-25 қыркүйек аралығындағы оқу-жаттығу барысында жиынға шақырылған әскери міндеттілер тактикалық және жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау сияқты түрлі сценарийлерге сәйкес қорғаныс іс-қимылдарын үйренеді.