Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы

21-09-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кірістер комитетімен бақылау-касса машинаcының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын төлеу бойынша «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы 15.08.2024 жылдан 31.12.2024 жылға дейінгі кезеңде іске асыруда.

Бірінші кезеңде пилоттық жоба Абай облысы Семей қаласы аумағында іске асырылады.

Семей қаласында «Amiankz» ЖШС операторы арқылы микро- және шағын бизнестің сканерленген чектері бойынша сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк.

«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасына кез келген адам қатыса алады.

Осы жоба шеңберінде сатып алушы-жеке тұлға қолма-қол ақшасыз және/немесе қолма-қол ақшамен төлем жасаған кезде және фискалдық чекті алған кезде арнайы мобильді қосымшадағы штрих-кодты сканерлейді және мобильді қосымшадағы дербес шотқа сатып алу сомасының 2% мөлшерінде «Salyq кэшбэк» сыйақысын алады.

«Amian» (Семей қ.) қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеп алуға болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес субъектілерін БКМ қолдануда және әрбір сатып алушыға чек беруде белсенді азаматтық ұстаным танытуға, сол арқылы мемлекетті қолдауға өз үлесін қосуға және өзінің тұтыну құқықтарын қорғауға сенімді болуға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив