Семейде қарапайым қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Бүгін Семей қаласының Мәдениет сарайында «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру және үздік қызметкерлерге ақшалай сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әрбір еңбеккердің Семей қаласының дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, олардың жауапты жұмыстарына ризашылығын білдірді. Ол бұл қызметкерлердің еңбегі жас ұрпаққа үлгі екенін және бүкіл қаланың мақтанышы екенін айтты.
Салтанатты рәсім барысында қала дамуына үлес қосқан қарапайым еңбек адамдарына алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік ақшалай сертификаттар табысталды. Арасында қоғамдық көлік қызметкерлерінен бастап, коммуналдық қызметтер өкілдері де бар.
Үздік қызметкерлер тізімі:
1. Жаукенов Дархан - үздік автобус жүргізушісі.
2. Жанакыметов Нұртас - қаланың үздік электр маманы.
3. Рахимбаев Маутқазы - үздік қосалқы жұмысшы.
4. Мұсабекова Раушан - үздік әлеуметтік қызметкер.
5. Хазипов Мавлетянов- үздік механик.
6. Молденов Думан - үздік су шаруашылығы шебері.
7. Клименко Юрий - ТЭЦ №1 станциясының үздік ауысым басшысы.
8. Рамазанов Марат - үздік жол жұмысшысы.
Бұл қызметкерлер өздерінің күнделікті еңбектерімен Семей қаласының дамуына және өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді.