Атом электр станциясының құрылысы — еліміздің болашағына бағытталған бастама
Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы алдағы кезеңдегі елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму болашағына бағытталған.
Қазақстанда атом электр станциясын салу энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Осыған орай, Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитеті атом электр станциясының құрылысын қолдау жөнінде үндеу қабылдады. Абай облысының аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Зауреш Исабаева бұл үндеуді бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жеткізуді көздеп отырғанын айтты.
— Атом электр станциясын салу жобасы Қазақстан үшін «жаңа технологиялық серпіліс» болмақ. Президенттің жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру үшін еліміздің байлығын үнемдеп пайдалануға, табанды еңбек етуге, салықты дер кезінде төлеуге, отандық өнімдерді қолдауға және инвестиция тартуға басымдық беру қажет. Осы әрекеттер арқылы ғана еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ең бастысы — елдің бірлігі. Тек бірліктің арқасында Мемлекет басшысының елдің экономикалық дамуы мен жарқын болашағына деген сенімді арттыруға бағытталған бастамалары жүзеге асады, — деген пікір танытты Зауреш Исабаева.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитеті Абай облысының жаңа кәсіподақ орталығының төрағасын сайлады