Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған гала концертті 20 мыңға жуық адам тамашалады

23-09-2024, 11:18 018.kz

Абай облысында Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, Абай облысының Құрметті азаматы, әнші Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Қазақтың Бибігүлі – халықтың бұлбұл үні» атты концерт өтті.

Айтулы мәдени шараны «Abay Media Group» ЖШС ұжымы тікелей толқында көрсетті.

Абай театрында өткен гала концерт алғашқы рет орталық алаңның бас сахнасында трансляцияланды.

You Tube арнасынан мыңнан аса оқырман тамашаласа, орталық алаңда бір мезетте 15 мыңнан аса көрермен қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенованың концертін көруге мүмкіндік алды.

Бұл «Abay Media Group» ЖШС ұжымы трансляциялаған алғашқы шара емес. Бұған дейін өздерінің кәсіби техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып «Assyl Dombyra» республикалық ақындар айтысын, «Елімай» футбол клубы мен «Семей» футзал клубтарының матчтарын және ауқымды мәдени-спорттық тікелей толқындар таратқан болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив