Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Атом электр станциясы: Қазақстанның энергетикалық болашағы

Бүгін, 16:17 018.kz

Бүгін Семей қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жастармен кездесу жиыны өтті. Іс-шараға геологиялық барлау колледжінің студенттері белсене қатысты.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы туралы ақпарат беру, оның энергетикалық және экономикалық артықшылықтарын түсіндіру болды.

Жиында АЭС құрылысы геология мен инженерия салаларына жаңа мүмкіндіктер әкелетіні, сонымен қатар еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне жол ашатыны туралы айтылды.

Жастар тақырыпты ашу мен талдауға белсенді қатысып, атом энергетикасының болашағы, оның экологиялық қауіпсіздік пен экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі туралы сұрақтар қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша жастар Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы мен ел дамуына қосатын үлесі туралы түсінік алды. Студенттер энергетика саласының болашағына және оның елдегі экологиялық жағдайға әсері туралы қызығушылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив