Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Курчатов қаласында 98 км сумен жабдықтау желілері жөнделеді

24-09-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Курчатов Водоканал» МКК кәсіпорнына жөндеу және тазарту құрылыстары кешеніне қызмет көрсетілетін болады. Бұл туралы  «Курчатов Водоканал» МКК директоры Мұрат Аринов баяндады.

- Қаламызда 98,8 км – сумен жабдықтау желілері, 42,7 км – кәріз желілері, 1 су жинау, 3 су көтергіштерді қайта айдау, 4 кәріз сорғы станциялары жөнделмек. Жоспар бойынша,  297 млн теңге бөлінген, оның ішінде 153 млн сумен жабдықтауға, 81 млн су бұру қызметтеріне игерлмек. Сумен жабдықтау қызметі бойынша бюджеттік ұйымдардың көлемі тұтыну көлемінің ұлғаюына байланысты 14,47%-ға өсті, - деп атап өтті директор.

Сонымен қатар, былтырғы  инвестициялық бағдарлама бойынша 5 317,94 мың теңге амортизация сомасына сумен жабдықтау жөніндегі іс-шаралар жоспарланып, 100%-ға орындалды.

- 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның нақты орындалуына кедергілер болған жоқ. Сондай-ақ, Абай, Иртышская, Олимпийская көшелері бойынша 2350 метр көлемінде құбыр желісін ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды. Бүгінде жұмыстар 37% - ға орындалды, осы іс-шара бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айының соңында аяқталады деп жоспарлануда, - деп қорытындылады Мұрат Аринов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив