Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ТЖ-дан қорғауды күшейту және құтқару қызметтерін жаңғырту жөніндегі ауқымды шаралар

24-09-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ТЖ-ға дайындықты күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы елімізде болған ірі су тасқынын жоюда адам өліміне жол бермеу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, Министрлік барлық күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағында қалған халықты тез арада эвакуациялауға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырды», — деп атап өтті ол баяндамасында. 

Министрдің айтуынша, құтқару жұмыстары қолайсыз ауа райы жағдайында және қиын жерлерде жүргізілді. Апат орын алған аймақтарда инженерлік техника мен әуе көлігінің жетіспеушілігі қатты сезілді. Тартылған техниканың басым бөлігі сапасыз әрі ұзақ мерзімді жұмыстарды жүргізуге жарамсыз болатын. Осыған байланысты, көптеген күштер мен құралдарды күш құрылымдарының теміржол эшелондарымен және әуе кемелерімен жөнелту жүргізілді. 

«Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендердің арнасынан асып тасуына байланысты Қорғаныс министрлігінің понтон көпірлерін орнату талап етілді, бұл халықты дер кезінде эвакуациялауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін берді», — деді спикер. 

Үкімет отырысында мәлім болғандай жергілікті жерлердің тасқын судың көлемі мен олардың салдарына дайын еместігі анықталды. Зардап шеккен аймақтардағы бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіру әлсіз жүргізілді.

«Туындаған қиындықтарға қарамастан, Министрлік тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын, гуманитарлық жүктерді жеткізу, электр қуатымен жабдықтауды және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелерін жедел шешті. Апатпен аянбай тәулік бойы күрескен қарапайым жауынгерлер мен құтқарушылардың арқасында адам өліміне жол берілмей, бес жүзден астам елді мекен су басудан аман қалды», — деп баяндады министр. 

Министрлік биылғы тасқын судың салдарын талқылай келе, келесі іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Бірінші, құтқарушылардың арнайы киім-кешекпен және құралжабдықтармен қамтамасыз ету қайта қаралды. Сатып алынатын нысанды киімі сапалы және тапсырмаларды орындауға ыңғайлы қимыл қозғалысқа қолайлы болуы көзделеді. 

Екінші, сапалы арнайы автомобильдер мен инженерлік техникалар, оның ішінде жүзу құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алу жүзеге асырылатын болады. Ол үшін ұшқыштар түнде және қолайсыз ауа-райы жағдайында ұшуға оқытып, жаттығады.

Үшінші, күштер мен құралдарды төтенше жағдайларды жоюға жедел үйлестіру үшін Министрліктің Командалық орталығы жаңғыртылып, заманауи құралдармен жабдықталды. Сонымен қатар, Министрлікте басқарудың нақты вертикалін құру үшін барлық ведомстволық бағынысты мекемелерді бір аумақтық бөлімшеге біріктіру арқылы ұйымдастыру-штаттық іс-шаралары жүргізілуде.

«Бүгінде назардан тыс қалып, қолайлы жағдай жасалмаған құтқару бөлімшелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты, жаңа тәсілге бой бұрып, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар бір жерге орналасқан бірегей өрт сөндіру депосы құрылуда. Бұл шұғыл әрекет етуді арттыруға және азаматтарды дер кезінде құтқару шараларын қабылдау мүмкіндігін береді», — деп атап өтті Ш. Әрінов. 

Төртінші, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Министрліктің қарамағында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылып, оған бақылау функциялары берілді. Енді халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданатын болады. 

Бесінші, су тасқынынан зардап шеккен шығынның көлемін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мүлікті төтенше жағдайлардан сақтандыру механизімі пысықталуда. 

Алтыншы, өңірлерде қорғаныс бөгеттері мен дуалдарын тұрғызу және оларды нығайту сияқты алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, 3 өзендердің қауіпті учаскелерінде су түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары іске асырылуда. 

«Сөзімді қорытындылай келе, осы және басқа да іс-шараларды іске асыру, бұл құтқару бөлімшелерінің дайындығын арттыру мен су басу қаупін азайтуға мүмкіндігін беретінін атап өткім келеді», — деп түйіндеді баяндамасын Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив