Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады - денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуде

26-09-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Азаматтардың жедел жәрдемнің келуінің кешігуі туралы көптеген өтініштеріне жауап ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі талдау жүргізіп, жағдайды жақсарту үшін шешімдер ұсынды. Талдау нәтижелері шақыртулардың 50%-дан астамы шұғылдықтың төртінші санатына жататынын көрсетті, бұл емханаларды қоса алғанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының (МСАК) бақылауындағы созылмалы аурулары бар пациенттерге қызмет көрсетуді білдіреді.

Осыған байланысты Министрлік Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандартына және Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Өзгерістер кейбір БАҚ дұрыс жеткізбегендей, үйде қызмет көрсетуді тоқтатуды білдірмейді, керісінше медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған.

Дәрігерді үйге шақыртуларды тіркеуге және үйдегі стационарларды ұйымдастыруға қатысты тармақтар құжаттың құрылымын жақсарту үшін жобаның басқа бөліміне ауыстырылды, бірақ олар күшінде қалады. МСАК-тың медицина қызметкерлері алдыңғы стандарттың шеңберінде үйде көмек көрсетуді жалғастырады.

Денсаулық сақтау министрлігі қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру үшін медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив