Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.23 534.96 5.16

JasREPUBLIC CUP пікірсайыс турнирі еліміздің барлық аймағында өтеді

27-09-2024, 08:02 018.kz

«Respublica» партиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен және «Ozgerteam» қоғамдық қорымен бірлесіп, JasREPUBLIC CUP аймақтық пікірсайыс турнирін өткізеді. 

Турнирдің мақсаты – ел жастарының зияткерлік қабілеттерін ашу, оқушыларды білімге, тапқырлыққа, шешендік өнерге баулу, жас ұрпақты бірлік пен тұтастыққа ұйыстыра отырып, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіру, пікірсайысшы жастарды қолдау және саяси сауатын арттыру. Сондай-ақ, жас азаматтарға өзара тәжірибе және пікір алмасу алаңын ұйымдастыру арқылы оларды қоғамдағы өзекті мәселелерді зерделеуге, шешу жолдары мен тиімді механизмдер ұсынуға, жаңа ойлар мен тың идеяларды айтуға бейімдеу. 

«Respublica – елдегі оң өзгерістерге бағытталған партия, біз өскелең ұрпақтың жаңа бастамаларын қолдауға қашанда дайынбыз. Нақты азаматтық ұстанымы бар, қоғамда өз көзқарасын ашық айтып, қорғай алатын жас азаматтарға Respublica партиясының есігі әрдайым ашық. Осы бастаманы Назарбаев зияткерлік мектептері және «Ozgerteam» қорымен бірлесіп ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарымыз жалғасатын болады. Пікірсайыс – мектеп оқушыларына жаңа тақырыптармен танысуға, ақпаратты іздеуге және өңдеуге, дау стратегиясын анықтауға, оппонентті тыңдауға және командада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін зияткерлік, лингвистикалық, коммуникативтік дағдыларды дамытудың ең тиімді құралдарының бірі. Жастар – еліміздің болашағы. Оларды тыңдау, қоғамдық ортаға, азаматтық ұстанымға бейімдеу бүгінгі іс-шарамыздың негізгі өзегі», - деді Respublica партиясы Орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақов.

Аймақтық турнирлер 2024 жылғы 28-29-қыркүйек аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыста, қазақ және орыс лигалары арасында өтеді. Пікірсайысқа әр өңірден 40 фракция (топ), Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 50 фракция қатысады. Аталған турнир 800-ден астам фракцияны, үш мыңға жуық жастардың басын қосатын болады. 

Дебат халықаралық мектеп пікірсайыс форматында (WSDF) өтеді. 

Аймақтық турнир жеңімпаздары 25 қазан – Республика күніне орай, Астанада өтетін тұңғыш Ұлттық пікірсайыс турниріне қатысады. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив