Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Семейде Батырханов Раджан Армияұлын еске алу кеші өтті

27-09-2024, 10:19 018.kz

2024 жылдың күзінде Абай облысы Семей қаласында батыр ұлымыз Раджан Армияұлының еске алу кеші өтті. Раджан 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Қатонқарағай ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Армия ағамыз Алтай кен шарының механизаторы, ал анасы Қизат СЭС қызметкері болып еңбек етті. Раджан осы ауылдағы Рыков атындағы орта мектепте білім алып, өзінің ынта-жігерімен, білімге деген құштарлығымен және адалдығымен достарының арасында үлкен беделге ие болды.

Кішкентайынан батылдық, шыншылдық және үлкенге деген құрмет көрсету қасиеттері Раджанның бойында ерекше байқалатын. Шекара қызметінде «елімізден құт-береке қашпасын, жеріміздің шетін жау баспасын» деген ұранмен батылдық пен табандылық танытқан батырлар әр заманда болған. 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырханов сол батырларымыздың көшін бастап тұр.

Еске алу кеші барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Гарнизондық офицерлер үйінде Раджан Батырхановтың құрметіне ескерткіш тақтасы ашылды. Кештің алғашқы сөз кезегі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Тлеуов Жеңіс Камалұлына берілді. Ол Раджанның ерлігін атап өтіп, батырлардың рухы әрқашан біздің жүрегімізде мәңгі сақталатынын айтты.

Кеш барысында бірқатар әскери қызметшілер ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталды. Тәжік-ауған кеңесінің төрағасы Есенғали Найманғазыұлы да сөз сөйлеп, батырлардың ерлігін еске алды. 

Кештің құрметті қонағы Раджан Батырхановтың анасы Қизат Батырханова өткізілген шараға алғысын білдіріп, ұлының ерлігін ұлықтап жатқанына қуанышпен ризашылығын жеткізді. 

Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттің ашылуы ҚР Қорғаныс Министрлігінің оркестрымен басталды. Раджан Батырханды еске алуға арналған видео көрсетіліп, іс-шара әскери оркестрдің орындауында "Азия дауысы" әнімен жалғасты. "Жасай бер" атты әнді Гарнизондық офицерлер үйінің қызметшілері мен "Аманат" бишілер тобы орындады. "Туған ел" және "Қазақтың қайсар сарбазы" әндері де кештің көркін аша түсті.

Бұл кеш тек Раджанды еске алу ғана емес, сонымен қатар еліміздің қорғанысында жүрген барлық батырларымызға деген құрметтің белгісі болды. Батыр ұлымыздың ерлігі мен адамгершілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жастарға патриотизм мен отансүйгіштік рухын сіңіре берсін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив