Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
478.54 533.76 5.17

Абай облысында жылу маусымына дайындық ойдағыдай

Бүгін, 12:54 Сәтжан Қасымжанұлы

Абай облысының орталығында қазан айының 1-інен бастап, кезең-кезеңімен жылу беру басталатынын Семей қалалық әкімдігі мәлімдеген болатын. Ал Абай облыстық мәслихатының ХІХ сессиясында облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов осы салада атқарылған жұмыстар бойынша кеңінен мәлімет берді. Атап айтқанда, облыста 44 жылу көзі 11 кәсіпорын және 330 дербес қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 401 шақырым. Оның 325,5 шақырымы Семей қаласының аумағына тиесілі.

Биыл облыс бойынша жалпы сомасы 18,5 млрд. теңгеге 28 жоба орындалып жатыр. Соның аясында 37,9 шақырымды қамтитын желі мен 17 жылу көзі құрылысы, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары атқарылуда.
 
Аталған басқарма басшысы Ж. Қайырхановтың сөзіне сүйенсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылу желілерінің тозуы 64,2 пайыздан 59,7 пайызға дейін төмендейді. Ал жобаларды толық аяқтау қорытындысы бойынша 2025 жылы тозудың төмендеу деңгейі 57,7 пайызға орындалатын болады.
 
Қазір жылыту маусымын алдымен әлеуметтік нысандардан бастау көзделіп отыр. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау нысандарындағы дайындық жұмыстары қазан айына дейін аяқталатын болады.
 
Абай облысы бойынша көмірге қажеттілік 1 млн 248 мың тоннаның шамасында. Көмірді облыс аумағына тасымалдау, жеткізу «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ және «Қаражыра» кәсіпорыны арасында бекітілген жеткізу жоспарына сәйкес орындалмақ. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға көмір сатып алу шығындарын субсидиялау шеңберінде биыл облыстық бюджеттен 416,4 млн. теңге бөлініп отыр.

«Жалпы, жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары тұрақты бақылауда және жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады» деп мәлімдеді облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив