Азаматтық белсенділікті дамыту және қоғамның тұрақтылығын нығайту
Діни экстремизм, терроризмнің себеп-салдары және оның алдын алу мақсатында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен түсіндіру топтарының (АТГ) мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, Абай облысы Полиция Департаментінің мамандары үшін деструктивті діни ағымдармен күрес жұмыстары және дін саласындағы заңнамалық аспектілер бойынша семинар-тренинг өтті.
Аталған іс-шара Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры, психолог Раздықова Гульназ Максутовна және Alikhan Bokeikhan University-нің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мамырбеков Арафат Мәжитұлының менторлығымен жүргізілді.