Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Нұғыбаев Бек Назарбекұлы Көкпекті ауылдық округінің әкімі болып сайланды

19-09-2024, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

15 қыркүйек күні өткен сайлау нәтижесінде Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің әкімі болып Нұғыбаев Бек Назарбекұлы сайланды. Көкпекті ауданының әкімі Әділет Қожанбаев ауылдық округ әкімінің аппараты мен активке жаңадан сайланған ауылдық округ әкімін таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Нұғыбаев Бек Назарбекұлы 1982 жылы 17 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Шәкарім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Бүкіләлемдік тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілі 19 жыл 3 ай. Отбасын құрған, 1 баланың әкесі.

Әр жылдары Петропавловка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерінде келісім-шарт бойынша әскери қызметкер, Көкпекті ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы, Көкпекті ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Абай облысы Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив