Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Абай облысының оқушысы 500-ге жуық баланың арасынан суырылып шығып, бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында 13–15 қараша күндері алғаш рет ұйымдастырылған «1000 мақал – 1000 бала» республикалық мақал-мәтелдер турнирінде семейлік оқушы топ жарды.

Еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық бала қатысуға өтініш білдірген байқаудың финалдық кезеңіне 100-ден астам оқушы жолдама алды.

Абай облысының намысын қорғаған Семей қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Бексұлтан Советов мақал-мәтелдерді жетік меңгергенін көрсетіп, тапқырлығы мен шешендік өнерінің арқасында бас жүлдені иеленді.

Жас ұрпақтың ана тіліне деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған республикалық додада семейлік оқушының үздік атануы – өңіріміз үшін үлкен мақтаныш!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив