Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды
Бүгін Семей қаласында Қазақстандағы алғашқы фиброцементті тақталар шығаратын «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС зауытының ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.
Фиброцементті қасбеттік тақталар өндірісінің іске қосылуы заманауи материалмен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік желілері озық жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Өндірістік қуаты жылына 2 000 000 м² фиброцементті тақта шығаруға мүмкіндік береді.
«Қазіргі уақытта Семей қаласында көптеген жаңа ғимараттар бой көтеруде. Жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану біз үшін өте тиімді. Өнімнің сапасы да жоғары деңгейде екенін көріп тұрсыздар. Зауыт көптеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Семейде жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанына қуаныштымын», – деді Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, тақталар өндірісінде отандық шикізаттық компоненттер қолданылады. Зауыт 100-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекЖыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамыту