Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Инвестициялар тарифі: жаңа тарифтік саясаттың Абай облысындағы инженерлік желілерге әсері

1-10-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

«Тарифті инвистицияға айырбастау» саясаты 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген. Бағдарламаның негізгі міндеті-тарифті көтеру есебінен авариялық немесе ескірген желілерге жөндеу жүргізу болып табылады. Сондай-ақ, коммуналдық  қызметкерлердің жалақысын арттыру және осы құралдарға арнайы желілер мен жабдықтарды қамтасыз ету жоспарланған.

Бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысы Мейр Мадиев баяндады.

- Ағымдағы  жылы облыстағы тариф қаражаты есебінен жалпы сомасы 224 Млн. теңгеден астам қосымша инвестициялар қарастырылды. Сонымен қатар,  жалақының төмендігіне байланысты коммуналдық кәсіпорындарда білікті мамандардың азайуы көбейе бастады. Биылғы жылы тарифтерге өзгеріс енгізу барысында 362 өндіріс қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Бүгінде ең төменгі жалақы 121 679 теңгені құраса, ең жоғары жалақы-164 493 теңгені құрайды, - деп атап өтті Мейр Мадиев.

Спикердің айтуынша,  тарифті көтеруге негізгі өтінімдер желілерді жөндеу және жалақыны көтеру мәселелері бойынша түседі.

- Жылумен жабдықтауға қатысты жаңа тариф бекітілді. Ынталандыру әдісі бойынша өтінім берген жалғыз субъект – «Теплокоммунэнерго» МКК. Яғни, 1 қазаннан бастап бұл кәсіпорынның тарифтеріне өзгерістер енгізілетін болады, - деді департамент басшысы.

Айта өтсек,  Департамент 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша осы қызметті пайдаланатын, бірақ жылуды есептейтін құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен қамтамасыз ету қызметтерінің құнын қайта есептейтін болады.

-  Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі. Атқарылған жұмыс  нәтижесінде халыққа қайтарылу қажет сомма 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде 14,2 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, «Тарифті инвистицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде күрделі жөндеуге қаражат жіберу қажеттілігі туралы тапсырма берілді. Инвестициялық бағдарламаларды өзгерту барысында инженерлік желілердің тозуының алдын алуына басымдық берілу қажет, - деп қорытындылады спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив