Абай облысында заман талабына сай мамандар даярлау орталығы бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялайтынын атап өткен болатын. Бұл елімізде білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын айқындап, олардың елдің экономикалық, өндірістік инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
Абай облысында бұл бағыттың қарқынды дамуына Геодезия, картография және құрылыс колледжі лайықты үлес қосып келеді. 1946 жылы негізі қаланған колледж 80 жылға жуық уақыт ішінде геодезиялық бағыттағы мамандарды және басқа да жұмысшы мамандықтарын даярлайтын алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі ретінде республикаға мойындалып отыр.
Бүгінгі таңда колледжде 1214 студент білім алады, олардың 50 оқу тобы мемлекеттік тапсырыс негізінде даярланса, 5 топтың студенттері сырттай оқиды. Оқу орны «Геодезия және картография», «Дәнекерлеу ісі», «Жиһаз өндірісі», «Архитектура» және басқа да 14 сұранысқа ие мамандық бойынша даярлықты ұсынады.
Жаңа оқу жылында білім беру үдерісіне 235 қызметкер тартылған, олардың 114-і – педагогтар. Колледж заманауи оқыту тәсілдерін енгізіп, тәжірибелік дағдыларды дамытуға және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін эксперименттік топтарды ашуға ден қойып отыр.
Тоқетеріне сүйенсек, Геодезия, картография және құрылыс колледжі Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосумен қатар уақыт талабына сәйкес өндірістік салалардың сұраныстарына жауап бере алатын мамандарды даярлаудың сенімді көзіне айналған жайы бар.